Елордада «Eden Life» қаржы пирамидасы анықталды

Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті «Eden Life» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады.

Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді.

Департаментте аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікке қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілуге ​​жатпайды.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және «Youtube» хостингіндегі «Eden Life» жарнамасына алданып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар