Ішкі істер министрлігі кейбір қазақстандықтарға 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеуге тыйым салмақ

Бұл бір жылда бес реттен көп бұзушылық жасағандарға қатысты

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қазақстандық көлік иелеріне 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеуге тыйым салғысы келеді. Бұл туралы министрлікте өткен брифинг барысында белгілі болды.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиевтің айтуынша, мұндай ережелер жыл ішінде бестен астам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жүргізушілерге ғана қатысты болады.

«Қазір Ішкі істер министрлігі ішкі жолдарда «орташа жылдамдықты» асырғаны үшін көлік құралдары жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды төлеу мүмкіндігін алып тастауды қарастыратын түзетулер әзірлеуде. », – деді ол брифингте.

Еске салайық, енді қазақстандықтар айыппұлды жеті күн ішінде 50 пайыздық жеңілдікпен төлей алады. Бұл ережелер 2018 жылдан бастап күшіне енді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар