Тоқаев Меккеде ұмра қажылығын өтеді

Қазақстан Президенті Қағбаға кірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Исламның басты қасиетті орны – Мекке қаласында умра (кіші қажылық) жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президентіне ерекше құрмет көрсетілді – ол ерекше жағдайларда есіктері мәртебелі қонақтар үшін ашылатын Қағбаның ішіне кірді.

«Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан басшысына деген зор құрметінің дәлелі болды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Тоқаев Джиддада Сауд Арабиясының іскер топтарының өкілдерімен инвестициялық дөңгелек үстелде сөз сөйлегені хабарланған болатын.

Оның айтуынша, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор және Сауд Арабиясына жоғары сапалы бидай мен майлы дақылдарды ұзақ мерзімді жеткізушілердің бірі бола алады.

Еске салайық, Қазақстан Президенті сенбі күні кешке Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделәзиз Әл Саудтың шақыруымен екі күндік ресми сапармен Джидда қаласына келді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар