ҚДКБҚ теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлемелерді арттырды

Жарияланды

Өзгерістер барлық депозиттік желіде орын алды

Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ұлғайтқаннан кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың шілде және тамыз айлары үшін барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелерді көтерді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Өзгерістер 2022 жылдың 26 шілдесінде күшіне енеді, сол күннен бастап банктер депозиттік өнімдері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы.

Еске салайық, 25 шілдеде ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 14,5% деңгейінде +/- 1,0 пайыздық тармақ пайыздық дәлізбен белгілеген болатын. Өтімділікті қамтамасыз ету бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлеме 15,5%, өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары– 13,5% құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз