Red Wings Airlines әуекомпаниясы Омбыдан Нұр-Сұлтанға ұшуды бастайды

Жарияланды
Бұл бағытта SSJ100 лайнерлері пайдаланылады

Red Wings Airlines әуекомпаниясы Омбыдан Нұр-Сұлтанға ұшуды бастайды. Бұл бағытта 100 орындық SSJ100 лайнерлері пайдаланылады.

Нұр-Сұлтан-Омбы-Нұр-Сұлтан рейстері 9 тамызда басталып, сейсенбі және бейсенбі күндері орындалатыны атап өтілді.

Еске салайық, 2022 жылдың 17 шілдесінен бастап Red Wings әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Қазан жаңа бағытын ашты. Ұшулар аптасына бір рет дүйсенбі күндері Sukhoi Superjet 100 ұшағында орындалады.
Сондай-ақ, «Россия» авиакомпаниясы 2022 жылдың 22 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан – Красноярск жаңа бағытын ашты. Ұшулар аптасына үш рет дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері Sukhoi Superjet 100 ұшағында орындалады.

Сондай-ақ оқыңыз