Салынып жатқан Pine Hill тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты бұзылады

Жарияланды

Бұл шешімді сот шығарды

Тау етегі аймағында салынып жатқан Pain Hill тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ерменсай шағын ауданы 7 уч. 8/1 салынып жатқан нысанды тексеру кезінде құрылыс салушы үшінші тұрғын үй қабатын заңсыз салып жатқаны анықталды. Рұқсат тек 2 қабатқа берілген. Өткен жылдың қараша айында басқарма сотқа үйді бұзу туралы шағым түсіріп, ол қанағаттандырылмады. Апелляциялық өтініш оң нәтиже берді. Үшінші қабатты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне еніп, Әділет департаментімен орындалуда.

Сондай-ақ оқыңыз