«Барселона» қорғаушы Жюль Кундемен келісімге келді

Жарияланды
Фото: Antonio Borga/Eurasia Sport Images/Getty Images

«Барселона» «Севильямен» француз қорғаушысы Жюль Кунденің трансфері туралы келісімге келді, деп хабарлады команданың ресми сайты.

«Барселона» мен «Севилья» футбол клубтары Жюль Оливье Кунденің трансфері бойынша келісімге келді. Біз ойыншының медициналық көмектен өтіп, келісімшартқа отыруын күтеміз», – делінген хабарламада.

23 жастағы Кунде мансабын француздық Бордода бастады, ал 2019 жылы Севильяға ауысты, ол үшін 134 матч өткізіп, 9 гол соқты.

Сондай-ақ оқыңыз