АҚШ-тың беделді сарапшысы Головкиннің «Канелоны» нокаутқа түсіру мүмкіндігін бағалады

Жарияланды

Боксшылар арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді

Танымал америкалық бокс бапкері және сарапшы Стивен Эдвардс Геннадий Головкиннің үшінші жекпе-жегінде Сауль «Канело» Альваресті мерзімінен бұрын жеңу мүмкіндігіне баға берді, деп жазады Sports.kz.

Екінші орта салмақтағы «абсолют» үшін қазақстандық және мексикалық боксшылар арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

«Мен GGG Канелоны тоқтата алатынына сенбеймін. Қалай болғанда да, «Канело» өз күшін жинай алады. Головкиннің құдіреті зор болғанымен, «Канелоны» 24 раундта нокаутқа түсіруге де жақындаған жоқ. Бұл Холифилд пен Тайсон арасындағы текетірес сияқты нәрсе. Қандай да бір себептермен Холифилд оның күшіне төтеп бере алды», – деді Эдвардс.

Сондай-ақ оқыңыз