Атырау облысында аудан әкімі суға батып кетті

Жарияланды
Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда

Атырау облысында кеше түнде Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24» .

Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында Жайық өзенінде белгісіз жағдайда 1982 жылы туған аудан әкімі суға батып кетті», – деп хабарлады ТЖД.

Оқиға орнына Атыраудан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының үш құтқарушысы мен техникасы шықты.

Еске салайық, Ринат Жанқылыш Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі болып 2021 жылдың 2 ақпанында тағайындалған болатын.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыз