Иранда су тасқынынан ондаған адам қаза тапты

Жарияланды
Қаза тапқандар саны артуы мүмкін

Иранда муссондық жаңбыр су тасқынына әкеліп соқты. 69 адам қаза тапты деп хабарлайды Tasnim ақпарат агенттігі Иранның дағдарысты басқару ұйымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, тағы 45 адам із-түзсіз жоғалған, оның ішінде үшеуі Ирак азаматы. Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатқандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Атап өткендей, муссондық жаңбыр мен су тасқыны Иранның 31 провинциясының 20-сында 111 қала мен 310 ауылды зардап шекті.

Сондай-ақ оқыңыз