Иранда муссондық жаңбыр су тасқынына әкеліп соқты. 69 адам қаза тапты деп хабарлайды Tasnim ақпарат агенттігі Иранның дағдарысты басқару ұйымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, тағы 45 адам із-түзсіз жоғалған, оның ішінде үшеуі Ирак азаматы. Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатқандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.
Атап өткендей, муссондық жаңбыр мен су тасқыны Иранның 31 провинциясының 20-сында 111 қала мен 310 ауылды зардап шекті.