«Канело» Головкинмен жекпе-жек алдында таң қалдыратын мәлімдеме жасады

Головкин мен Канело трилогиясы 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) алдағы үшінші жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен рингке қайта оралуды және Головкиннің мансабын аяқтауды асыға күтемін. Қазір мен жеңілістерді бастан өткеріп жатырмын және менің қайтып оралуым мен үшін үлкен мотивация. Маған әртүрлі сынақтар ұнайды, өзімді тірі сезінемін», – деп мойындады Канело.

Еске салайық, Головкин мен Канело трилогиясы 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтеді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар