AMT кеншілері метанның шығуы мүмкін аймақтарда жұмыс істеуде

Жарияланды

Компанияда бұрғылау снарядына жүктеменің өзгеруін тіркейтін станоктар пайдаланылмауда

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлесіп, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті В.И. Ленин атындағы шахтаның қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі – көмір өндіру. Кокс ОС (қатталған жентектелген) Д6, Д1 маркалы көмір қабаттары өңделуде. Шахта көмір мен газдың кенеттен лақтырылуынан, сондай-ақ көмір шаңының жарылғыштығынан қауіпті болып табылады. Шахта алаңының көлемі: жайылуы бойынша 6 000 м, құлауы бойынша 5 000 м, жер асты тау-кен қазбаларының жалпы ұзындығы 91,816 км құрайды.

Тексеру барысында 110 объект тексерілді, олар: ұңғылау кенжарлары, стационарлық таспалы конвейерлер, рельсті тасу, монорельсті жолдар мен көлік, көтергіш қондырғылар, бас желдету желдеткіштері, электромеханикалық жабдықтар, техникалық құжаттама, геологиялық-маркшейдерлік қызмет құжаттамасы, шаң-газ режимі және басқалар. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын 171 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Бұл ретте, жазатайым оқиғаларды арнайы тексеру актілерінің (2021 жылғы 07 қарашадағы топтық жазатайым оқиға) іс-шараларының тармақтары орындалмағаны анықталды. Сонымен:

– шығарындыға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде жұмысшылардың ықтимал шығарындылар аймағында болуын болдырмайтын басқаруы бар, төсеу бұрыштарын, ұңғымалардың ұзындығын электрондық бақылайтын және бұрғылау снарядына жүктеменің өзгеруін тіркейтін станоктар пайдаланылмайды;

– пайдаланушылық барлау ұңғымаларын бұрғылау кезінде сенімді мәліметтерді қамтамасыз ететін станоктар (ұзындығы, ұңғымалардың орналасу бұрышы, бекінісі, жыныстардың типі, кернді өңдеу мүмкіндігімен және т.б.) сатып алынғанбаған;

– «АМТ» АҚ КД шахталарында аэрогазды бақылау операторына (АГК) шығарылған газ қоспасын бақылау аспаптарымен тораптық нүктелердегі дигазациялық құбырлар жарақтандырылмаған.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтар:

– рельс жолдары мен таспалы конвейерлерді тау-кен массасының төгілуінен тазарту жүргізілмейтіндігі;

– таспалы конвейерлердің шамадан тыс жүктелу орындарында шаң басатын рамалар өз функцияларын орындамауы;

– шахтада пайдалануда ауаның есептік жылдамдығы 0,5 м/с қамтамасыз етілмеген қазбалар болуы болып табылады.

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша Қарағанды облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа монорельсті жолды тоқтата тұру туралы талап арыз жолдау түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды.

Тексеру қорытындысы бойынша «АрселорМиттал Теміртау АҚ В.И. Ленин атындағы шахтаның директоры В. В. Ханның және кәсіпорынның басқа да өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды. сондай-ақ, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыз