Елімізде бір жылда кофе 20%-ға , шай 17%-ға қымбаттады

Жарияланды

Ал елге шай импорты айтарлықтай қысқарып барады

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, елімізде 8,5 мың тонна өңделген шай мен кофе өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,6% аз.

Өңірлік тұрғыда өндірістің жартысынан астамы дәстүрлі түрде Алматыға тиесілі: 4,5 мың тонна, бір жыл бұрынғыдан 21% аз. Одан кейін Шымкент (2,6 мың тонна, +4,3%) және Алматы облысы (973 тонна, +83,2%).

Анықтама үшін: 2021 жылы шай мен кофе өндірісінің көлемі 19,6 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1% аз.

2021 жылдың қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша, отандық өндірушілер өңделген шай мен кофеге сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспорт) бір жыл бұрынғы 30,1%-дың орнына 27,2% қамтамасыз етті.

Импорттың үлесі тиісінше 72,8%-ды құрады. Қазақстанға 17,3 мың тонна шай мен кофе жеткізілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,9% аз.

Экспортқа 2,3 мың тонна өңделген шай мен кофе жіберілді, былтырғыдан 22,2% аз. ҚР ішкі нарығында 21,4 мың тонна өнім сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 8% аз.

Дәл осы кезеңде (2022 жылғы қаңтар–мамыр) республикаға 36 млн долларға 11 мың тонна хош иістендіргіш қоспалары бар немесе қоспасыз шай әкелінді. Физикалық мәнде төмендеу 21,6%-ды, ақшалай түрде 28,2%-ды құрады.

Шай импортының ең үлкен көлемі Кенияға түсті: 4,4 мың тонна, бір жыл бұрынғыдан 28,2% аз. Ақшалай есептегенде импорт 14,6 млн АҚШ долларын құрады.

Екінші және үшінші орындарда Үндістан (9,8 млн АҚШ долларға 3,5 мың тонна) және Ресей (7,6 млн АҚШ долларға 1,1 мың тонна) болды.

Биыл шілде айында Қазақстанда кофе бір жылда 19,6%, шай 16,7% қымбаттады.

Кофе бағасының қымбаттауын ең көп шымкенттіктер сезінді: 47,4%. Одан кейін Ақмола және Атырау облыстары: тиісінше 26,6% және 25% қымбаттады. Бағаның ең аз өсуі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: 10,1%.

Шай бағасының қатты өскен өңірлер Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары. Бір жылда бағаның ең аз өсуі Шымкентте байқалды.

Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемде кофе екінші жыл қатарынан қымбаттауда, деп хабарлайды Хабар24. Жанармай да қымбаттап барады. Климаттың өзгеруінің салдарымен бірге бұл бағаның жалпы өсуіне ықпал етеді. Әлемдегі ең ірі кофе өндіруші Бразилия құрғақшылық пен суықтан өткен жылы өнімінің бестен бір бөлігін жоғалтты. Өндіріс неғұрлым қысқарса, түпкілікті өнімнің бағасы соғұрлым жоғары болады деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз