Ақ үй: Байден сейсенбіде Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылу хаттамаларына қол қояды

Екі елдің альянсқа кіру туралы өтініштерін бұған дейін Сенат ратификациялаған

АҚШ президенті Джо Байден өзінің жұмыс кестесіне сәйкес сейсенбі күні Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруі туралы хаттамаларға қол қояды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Екі елдің альянсқа кіру туралы өтініштерін бұған дейін Сенат ратификациялаған.

«Президент мәлімдеме жасап, Финляндия Республикасы мен Швеция Корольдігінің Солтүстік Атлантикалық шартқа қосылуы туралы хаттамаларды ратификациялау грамоталарына қол қояды», – деп хабарлады Ақ үй.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар