Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 8 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1128 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 369 333 жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 335, Алматы қаласында – 200, Шымкент қаласында – 9, Ақмола облысында – 65, Ақтөбе облысында – 13, Алматы облысында – 17, Жетісу облысында – 40, Атырау облысында – 7, Шығыс Қазақстан облысында – 17, Абай облысында – 27, Жамбыл облысында – 23, Батыс Қазақстан облысында – 34, Қарағанды облысында – 197, Ұлытау облысында – 17, Қостанай облысында – 8, Қызылорда облысында – 13, Маңғыстау облысында – 8, Павлодар облысында – 80, Солтүстік Қазақстан облысында – 11, Түркістан облысында – 7.