Ұлттық валюта бағамы 1,8 теңгеге әлсіреді

Сауда қорытындысы бойынша доллар 478,5 болды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 9 тамызда сағат 17:00-дегі сессия қорытындысы бойынша теңге мен доллардың сауда-саттығы жабылды.
Доллардың орташа бағамы 478,46 теңгені құрады.

Ұлттық валюта 8 тамыз күні сағат 17:00-дегі сессия қорытындысымен салыстырғанда 1,8 теңгеге әлсіреді.

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде kurs.kz сайтының мәліметінше, сағат 17:00-де америкалық валютаның сатып алу бағамы орта есеппен 478,6 теңгені, ал сату 483 теңгені құрады.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай қазандағы фьючерстері 1,2%-ға қымбаттап, 97,8 долларды, ал Солтүстік Американың WTI маркалы мұнайы қыркүйектегі фьючерстері 1%-ға өсіп, 97,8 долларды құрады, деп хабарлайды Investing.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар