Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбыр жеті адамның өмірін қиды

Жарияланды
Бұл соңғы 80 жылдағы ең қатты жауған жаңбыр

Оңтүстік Кореяның орталығында толассыз жауған жаңбыр салдарынан жеті адам қаза тауып, тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Рёнхап агенттігі билікке сілтеме жасап.

«Соңғы 80 жылдағы ең қатты жаңбыр Сеул мен оның маңындағы аймақтарды басып, жеті адам қаза тауып, алты адам із-түзсіз жоғалды», – делінген агенттік хабарламасында.

Осыған дейін агенттік Оңтүстік Кореяның орталық аймағы соңғы 80 жылдағы рекордтық мөлшерде жауын-шашыннан зардап шеккенін, нөсер салдарынан жолдар мен ғимараттарды су басқан, электр қуаты үзіліп, кейбір жерлерде метро тоқтап, тұрғындарды эвакуациялауға мәжбүр болғандығы хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз