Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбыр 11 адамның өмірін қиды

Тағы сегіз адам із-түзсіз жоғалып кетті

Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жауын салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы сегіз адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Ренхап» агенттігі.

Табиғи апаттарды басқару және қауіпсіздік жөніндегі орталық штабтың мәліметі бойынша, Сеулде алты, Кенги провинциясында үш және Канвондо провинциясында екі адам қаза тапты.

Жоғалған сегіз адамның үшеуі Сеул тұрғындары.

Бұған дейін тоғыз адам қаза тауып, жеті адам із-түзсіз жоғалған деп хабарланған болатын.

Нөсер жаңбыр кезінде барлығы 3775 үй мен ғимарат су астында қалды, олардың көпшілігі Сеулде.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар