«Азаматтарға арналған үкімет» Smart Start жобасын қолға алды

Студенттерге арналған ақылы тағылымдама

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі цифрландыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Біз осы бағытта даму үшін IT мамандықтары бойынша білім алатын студенттерді іздейміз.

Мемлекеттік корпорация алғаш рет Smart Start бірегей жобасын іске қоспақшы. Жоба жас мамандарға ақылы тағылымдама ғана ұсынбайды, сондай-ақ олардың алдағы уақытта жұмысқа орналысуын қарастырады.

Біз IT мен мемлекеттік қызметтерді көрсету салалары бойынша тың идеясы бар студенттерді іздейміз. Біздің болашақ тағылымдамашылар түрлі сервистер мен метрикаларды әзірлеп, деректерді жинап және оларды талдайтын болады. 

Олар Smart Start шеңберінде IT-өнімдерді әзірлеу бойынша оқудан өтіп, дағдылары мен біліктілігін арттырады, сондай-ақ нақты кейстермен жұмыс істейді. Тағылымдама қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар Мемлекеттік корпорацияға жұмысқа қабылданады.

Smart Start тағылымдамасына қатысушылар саны шектеулі, сондықтан үміткерлер арасында бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу жүргізіледі.

Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау (15 тамыз-15 қыркүйек аралығына дейін). Үміткер бірінші кезеңге қатысу үшін арнайы өтінімді толтыруы қажет, оны Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтынан жүктеп алуға болады. Одан кейін түйіндеме, оқу орнынан анықтама, GPA транскрипті және «Неге Мемлекеттік корпорацияда жұмыс істегім келеді және болашақта компанияға қандай пайда әкелемін» тақырыбына эссе (2 беттен артық емес, Times New Roman, 14) талап етіледі. Өтінім мен қажетті құжаттарды мына i.rakhimova@gov4c.kz сілтеме бойынша жіберуге болады.

Екінші кезеңде қатысушыларға қабілеттерін тестілеу, ал қорытынды үшінші кезеңде сараптау комиссиясымен әңгімелесу жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация ақтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздарға жобалар менеджері, өнім талдаушылары, backend/frontend әзірлеушілер мен жүйелік әкімшілердің позицияларын ұсынады.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар