Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Төрт адам көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

14 тамыз күні сағат 16:55-те “Покровка – Жаңажол” автожолының 75-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне алып келді.

Темір ауданы “Покровка – Жаңажол” тас жолының 75-ші шақырымында Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ 2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Сонымен қатар жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен Кенкияқ аулының ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар