Қазақстанға 200 мыңға жуық шетелдік турист келген

Жарияланды
Туристердің басым бөлігі Алматы қаласына келген

еQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері ел аумағына 195 149 шетелдік турист келген. 2020 жылғы қарашада іске қосылған жүйе қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3 қаланы және 14 облыс орталығын қамтиды.

еQonaq жүйесі туристік ағымға талдау жүргізуге және көші-қон қызметін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда 7300-ден астам орналастыру орны тіркелген.

Биылдың өзінде статистикаға сай шетелдік туристер басым өңірлер қатарында:

– Алматы (73 012 адам);

– Нұр-Сұлтан (44 859 адам);

– Қызылорда облысы (9735адам);

– Маңғыстау облысы (9384 адам) бар.

Олардың 67% – ын Ресей Федерациясынан, 16% – ын Өзбекстаннан, 6% – ын Түркиядан, 4% – ын ҚХР-дан және 7% – ын басқа мемлекеттерден  келген туристер құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз