еQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері ел аумағына 195 149 шетелдік турист келген. 2020 жылғы қарашада іске қосылған жүйе қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3 қаланы және 14 облыс орталығын қамтиды.
еQonaq жүйесі туристік ағымға талдау жүргізуге және көші-қон қызметін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда 7300-ден астам орналастыру орны тіркелген.
Биылдың өзінде статистикаға сай шетелдік туристер басым өңірлер қатарында:
– Алматы (73 012 адам);
– Нұр-Сұлтан (44 859 адам);
– Қызылорда облысы (9735адам);
– Маңғыстау облысы (9384 адам) бар.
Олардың 67% – ын Ресей Федерациясынан, 16% – ын Өзбекстаннан, 6% – ын Түркиядан, 4% – ын ҚХР-дан және 7% – ын басқа мемлекеттерден келген туристер құрайды.