Еревандағы сауда орталығында болған жарылыс құрбандарының саны 14 адамға жетті

Жарияланды
Қаза тапқан сегіз адамның жеке басы әлі анықталмады

Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды Армения Төтенше жағдайлар министрлігінің сайты.

Бұған дейін министрлік 11 құрбан болғанын хабарлаған болатын.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде қаза тапқан 14 адамның мәйіті табылды», – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқан сегіз адамның жеке басы әлі анықталмағанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз