Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды Армения Төтенше жағдайлар министрлігінің сайты.
Бұған дейін министрлік 11 құрбан болғанын хабарлаған болатын.
«Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде қаза тапқан 14 адамның мәйіті табылды», – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқан сегіз адамның жеке басы әлі анықталмағанын хабарлады.