Алматыда «Жалпыға міндетті оқу» қорынан оқушыларға 847 млн теңге бөлінді

Жарияланды
Көмектің сомасы бір балаға 43 мың теңге

Алматыда «Жалпыға міндетті оқу» қорынан бөлінетін әлеуметтік осал топтағы оқушыларға арналған көмектің сомасы бір балаға 43 мың теңге. Қаржы мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға арналған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 847 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда қаражат 16 мың оқушының ата-анасының шотына аударылды. Барлығы 20 мыңға жуық оқушы материалдық көмек алады.

«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы аясында 1000-нан астам балаға көмек көрсетілді. Демеушілер мен меценаттар бөлген 17,3 млн теңгеге мектеп формасы мен кеңсе тауарлары сатып алынып, таратылды.

Игі іске бей-жай қарамайтын қала тұрғындары акцияға атсалысып, мұқтаж балаларға көмек көрсете алады. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз