Британдықтар ақшаны үнемдеу үшін азық- түлік сатып алудан бас тартуда

Жарияланды
Ұлыбритания азаматтарының жартысы кафелер мен мейрамханаларға баруды азайтқан

Times Radio үшін YouGov зерттеу фирмасының сауалнамасына сәйкес миллиондаған британдықтар ақша үнемдеу үшін тамақтан бас тартуда. Бұл туралы The Times of London жазды.

Басылымның мәліметінше, Ұлыбритания азаматтарының жартысы кафелер мен мейрамханаларға баруды азайтқан.

Сауалнама елдегі әрбір алтыншы адамның ақша үнемдеу үшін тамақ ішу уақытын жиі өткізіп жіберетінін көрсетті. Бұл көрсеткіш 18 бен 24 жас аралығындағы азаматтар арасында 28 пайызды құрады.

Зерттеуге сәйкес, аптасына 100 фунт стерлингтен астам ақша жұмсайтын британдықтардың саны соңғы төрт жылда екі есеге жуық өсті, яғни 8 пайыздан 15 пайызға дейін.

Сондай-ақ оқыңыз