Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда COVID-19 шектеулері өзгерді

Өңір індетті жұқтыру қаупі төмен аймаққа көшті

Қазақстанның астанасында коронавирустың алдын алу шараларын өзгертті. Тиісті қаулы 16 тамыз күні кешке қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының тіркелуінің төмендеуін және Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының «жасыл» аймағына көшуді ескере отырып ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы негізінде өзгертулер енгізілді.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға ұсынылсын:
  2. адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда
  3. 2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

2.1. тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2.2. адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына:

3.1. Қала тұрғындары арасында коронавирусты инфекцияға қарсы екпе мен ревакцинацияны жүзеге асыруды жүргізу.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы, Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

4.1. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала халқының назарына жеткізілсін.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шараларын енгізу туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 8 қаулысы күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.