Қызылордада құжаттарсыз мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену және өткізу бойынша сот үкімі шықты

Қызылорда облысында жеке кәсіпкер мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжатсыз көтерме саудада өткізгені үшін 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Кәсіпкер 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз өткізбек болған жерінде ұсталып, тергеу барысында ол бұрын өзі өткізген 93 миллион теңгеге тағы 402 тонна жанармайдың шығу тегінің заңдылығын растай алмаған.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар