Өздерін Еңбекмин қызметкерлеріміз деп таныстырған белгісіз тұлғалар қазақстандықтарды алдап жүр

Жарияланды
Алаяқтар азаматтарға 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін әлеуметтік көмек көрсетуге уәде беруде

Белгісіз тұлғалар өздерін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға телефон соғып, 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.

Материалдық көмек көрсету мақсатында белгісіз біреулер шоттардағы тыйым салуды алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды (барлық жағдайда несиені уақтылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан есепшоттарға тыйым салынған).

Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотынан тыйым салуды алып тастағаннан кейін белгісіз біреулер техникалық ақауларға және көмек көрсетудің мүмкін еместігін айтады.

ҚР Еңбекмині Министрлік қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүргізілетінін хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыз