Жаңалықтар

Жапония Тайвань төңірегіндегі әскери жаттығуларға байланысты Қытайға наразылық білдірді

Kyodo: Жапония ҰҚК бас хатшысы Акиба Қытайға наразылық білдірді

Жапония Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) Бас хатшысы Такэо Акиба Қытайға сапармен барып, Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Сыртқы істер комиссиясының басшысы Ян Цзечимен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Kyodo агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, Такэо Акиба мен Ян Цзечи екі мемлекет арасындағы сындарлы және тұрақты қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған диалогты жалғастыруға келісті. Саясаткерлер Тайбэй төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуін де талқылады.

Жапон Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бас хатшысы Пекиннің жақында аралдың айналасында өткізген әскери жаттығуларына байланысты Қытай тарапына өкініш пен наразылық білдірді.