Өзіне сеніп тапсырылған елу шақты малды сатып жіберген қойшы ұсталды

Жарияланды
Жалпы шығын көлемі 3 млн-ға жуық

Жамбыл облысында қойшы өзіне сеніп тапсырылған елу шақты малды сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Меркі аудандық полиция бөліміне осы ауданның 39 жастағы тұрғыны қойшысының сеніп тапсырылған 47 бас малын сатып жібергені туралы арызданған.

Жалпы шығын көлемі 2 820 000 теңгені құрайды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Меркі ауданының 31 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Малшы жеке басына қаржы қажеттілігіне байланысты сатып жібергендігін айтты.

Күдікті кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ оқыңыз