Алматыда арнайы халықаралық конференция өтуде

Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының 30 жылдығына орай

    Конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан Республикаларының әлеуметтік сала өкілдері қатысты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ төралқа төрағасы Сүйеніш Әбділдин Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының 30 жылдық мерейтойын құттықтау сөзімен ашты.

      Халықаралық зейнеқы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының төрағасы Алмас Құрманов жиынды ашу сөзінде «Алматы қаласындағы халықаралық конференция қауымдастық мүшелеріне пандемияның қысқа мерзімді жауап шаралары мен ұзақ мерзімді әсерін талдауға, сондай-ақ осы саладағы әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі проблемаларын талқылауға арналған бірегей платформа ұсынады деп сенемін» деді.

    Конференция қатысушылары өз тәжірибелерін, жеткен жетістіктерін ортаға салды.

       Әзербайжан Республикасы тұрақты және жедел әлеуметтік қамсыздандыру агенттігінің (DOST) деректерді басқару және талдау департаментінің директоры Шахин Зульфугаровтың айтуынша, қазақстандық фронт-офистер аналогы саналатын Тұрақты және жедел әлеуметтік қамсыздандыру агенттігі (DOST) Президент жарлығымен 2018 жылдан жұмыс істейді. DOST агенттігі Бірыңғай үйлестіру орталықтарының қызметтерін қоса алғанда, тікелей орталықтар желісі арқылы 12 бағытта 154 қызмет көрсететінін айтады.

    Өзбекстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Зейнетақы қоры Атқарушы Директорының бірінші орынбасары Зохидхужа Тұрсынов Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған стратегисының әлеуметтік саласына тоқталса, Беларусь Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау қоры Басқарушысының бірінші орынбасары Виктория Трухан ханым «Беларусь Республикасында ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ұсынылатын, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары шаруашылық жүргізуші субъектілерге де, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары ұсынатын қызметтер мен сервистерді шоғырландыратын жалпы мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйенің электрондық қызметтерінің бірыңғай порталы жұмыс істейді, – дейді

    «Мұндай конференциялар барлық қатысушыларға тәжірибе алмасуға және үнемі деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Біз әріптестеріміздің осы кеңістікте бір-бірімен ықпалдастығын көріп отырмыз және бұл елдердің барлық қатысушысына білімді таратуға мүмкіндік береді. Біз осындай конференцияларға қатысатын әріптестерімізге тек оң көзқараспен қараймыз. Бұл бүкіл елге, әлеуметтік қамсыздандырудың барлық салаларына тек қана пайда әкелері сөзсіз.

    Халықаралық конференцияны ұйымдастырушылардың бірі – «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ төралқа төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша,Қазақстан мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыруға белсенді түрде бағыт алып отыр. Мемлекеттік корпорация  – мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері ретінде өзгерістер драйвері болып табылады.

   «Біз үнемі халықпен жұмыс істеуде алдыңғы шепте отырғандықтан өзекті мәселелерді көтереміз. Бүгінде ел бойынша Еговты монополиясыздандыру үрдісі жүруде. Бұл – мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін  тек мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталында ғана емес, банктер, онлайн платформалар арқылы алуға мүмкіндік жасалуда. Бұл мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу үшін ең өзіне ыңғайлы нұсқаны таңдай алады. Әлеуметтік қамсыздандыру тұрғысынан бұл проактивті қызметтер. Өтініш беру форматынан анықтау, автоматты түрде қызмет көрсету форматына көшу. Бұл орайда Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің қолға алған «Отбасының цифрлық картасы» жобасынан үлкен үміт күтуге болады», – деді Сүйеніш Тілеуханұлы.

       Халықаралық жиын екі күнге жалғасты. Шара қатысушылары жиын барысында тәжірибелік әлеуметтік бағдарламаларға қатысып, Алматы қаласының Әлеуметтік қызметтер үйінің жұмысымен танысты.

    Конференцияның ұйымдастырушылары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ мен Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар