Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру кезінде нені білу қажет?

 Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын төлеу қалай жүзеге асырылады

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Бұл туралы БЖЗҚ Ақ баспасөз қызметі хабарлады.

Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған не ол бүкіл мұраның тағдырын айқындайалмаған кезде, сондай-ақ азаматтық заңдарда белгіленген өзге де жағдайларда заң бойынша мұрагерлік орын алады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6-бөліміне (мұрагерлік құқық) сәйкес мұраны алу үшін мұрагер мұраны ашу орны бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлік беруге уәкілетті лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш не мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш тастау арқылы оны қабылдауы тиіс. Мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін.

Аталған мәселелер бойынша БЖЗҚ мен нотариустар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру, сондай – ақ рәсімді жеңілдету үшін ҚР Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «ҰАТ» АҚ және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат «бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы шарт (бұдан әрі-шарт)жасалды.

Нотариустар шарт шеңберінде жүзеге асырылған сервис арқылы қайтыс болған адамдардың жеке зейнетақы шоттарындағы (бұдан әрі – ЖЗШ) ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді алу үшін БЖЗҚ-ға онлайн режимінде сұраныстар жолдай алады.

Нотариустан қайтыс болған адамның ЖЗШ-сында бар зейнетақы жинақтары түріндегі мұраға құқық туралы куәлікті алғаннан кейін, мұрагер немесе оның сенім білдірілген адамы БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі қажет. Құжаттардың толық тізімі осында берілген: https://www.enpf.kz/kz/services/recipient/heir.php

Егер мұрагер құжаттар тізбесін толық көлемде берсе, БЖЗҚ құжаттарды қабылдаған немесе олар БЖЗҚ-ға келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ төлемді жүзеге асырады.

 Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын төлеу қалай жүзеге асырылады:

1. БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттар;

2. басқа жеке немесе заңды тұлғалар емес, БЖЗҚ жүзеге асырады;

3. мұрагердің өзінің банк шотына, оның ішінде егер зейнетақы төлемдерін алушы кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адам болып табылған жағдайда аударылуы мүмкін. Зейнетақы жинақтарын басқа тұлғаның, тіпті заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) немесе сенім білдірілген адамның банк шотына төлеуге жол берілмейді.

Мұрагер не оның сенім білдірілген адамы, оның ішінде мұраға құқық туралы куәлік негізінде БЖЗҚ-дан қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы QR-коды бар ЖЗШ-дан үзінді көшірме түріндегі ақпаратты алуға құқылы, онда БЖЗҚ-ның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ЖЗШ-дан үзінді көшірменің электрондық нұсқасына веб-сілтеме қамтылады. Бұл ретте ЖЗШ-дан берілген үзінді көшірменің түпнұсқалығын тексеруге арналған веб-сілтеме ЖЗШ-дан үзінді көшірме берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде қолжетімді болады.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар