Нидерланды Украинаға 80 миллион еуродан астам жаңа көмек пакетін бөлді

Жарияланды

Нидерланды Украинаға 80 миллион еуродан астам сомаға қосымша көмек пакетін бөлетінін жариялады, деп хабарлады елдің қорғаныс министрлігі. Бұл туралы interfax.ru сайты мәлімдеді.

«Бұл көмек пакеті Украинаға көмек пен инвестиция түрінде 65 миллион еуро береді. Қосымша қаражат – 10 миллион еуро миналар мен басқа да оқ-дәрілерді тазартуға бағытталған жобаларға бөлінеді», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Нидерланды бірқатар қалаларды қалпына келтіруге 1 миллион еуро бөлді.

«Тағы 2,5 миллион еуро Еуропалық қайта құру және даму банкіне макроэкономикалық реформалар саласындағы сараптаманы қамтамасыз ету үшін бөлінеді», – делінген хабарламада.

Бұған қоса тағы 2 миллион еуро БҰҰ қорына жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық құрбандарын қолдауға бағытталады.

Сондай-ақ оқыңыз