БЖЗҚ жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті

Қор қызметкерлері клиенттерге қоңырау шалып, белгілі бір шотты толтыруды сұрамайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа алаяқтық әдісі туралы ескертеді. Өзін «БЖЗҚ» АҚ қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банктік шотты толтыруды сұрайтын анықталмаған тұлғалардың бірлі-жарым қоңырау шалу жағдайлары басталды. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Зейнетақы шоты, қоңырау шалушылардың айтуынша, сот ісін жүргізу үшін өтемақы төлеу бойынша шетелдік банктерден төлемдер қабылдау үшін қолданылады екен. Егер сіз ақша аударудан бас тартсаңыз, зейнетақы шоты бұғатталып қалады-мыс .

           БЖЗҚ мұндай қоңыраулар БЖЗҚ қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді және мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені тоқтатуды сұрайды (!). Сондай-ақ, төмендегі заң тармақтарын естеріңізге саламыз:

            – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.

            – «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 14тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.

            Осылайша, сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлғаның сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуы мүмкін емес.

      


Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар