Жапондық компаниялардың көпшілігі тауар бағасын екі есеге көтерді

Бағаның көтерілуі азық-түлік тауарларына да қатты әсер етуде

Жапондық компаниялардың көпшілігі (шамамен 70 пайызы) өз тауарлары мен қызметтерінің бағасын көтерді немесе алдағы 12 ай ішінде мұны жоспарлап отыр. Бұл туралы Teikoku Databank зерттеу орталығының сайтында айтылған.

Фирмалардың шамамен 31,2 пайызы бағаны 2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың тамызына дейін көтеруге ниетті. Компаниялардың шамамен 17 пайызы қазан-желтоқсан айлары арасында мұны істеуге ниетті. Көбісі өз бағасын екі есе немесе одан да көп көтерді.

Бағаның қымбаттауы ең алдымен құрал жабдықтарды, құрылыс материалдарын, жиһаздарды, металлургия және тау-кен өнеркәсібінің өнімдерін сатумен байланысты бизнеске әсер етті. Бағаның көтерілуі азық-түлік тауарларына да әсер етті.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар