КХДР-да індетті жеңгеннен кейін тағы да жаңа жағдайлар анықталды

Жарияланды
Ким Чен Ын 11 тамызда Солтүстік Кореяда коронавирусты жеңгенін «салтанатты түрде жариялаған»

Солтүстік Кореяда ел көшбасшысы Ким Чен Ын коронавирусты жеңгенін жариялағаннан кейін тағы да төрт жаңа жағдай тіркелді, деп хабарлады Оңтүстік Кореяның Ренхап ақпараттық агенттігі.

11 тамызда Ким Чен Ын Солтүстік Кореяда коронавирусты жеңгенін «салтанатты түрде жариялады». Сол күні оның әпкесі, Кореяның жұмыс партиясы Орталық комитеті төрағасының орынбасары Ким Ё Чжон Пхеньян Оңтүстік Корея билігін КХДР-ға коронавирустың енуіне арандататын болса, жойып жіберетінін айтты.

«Солтүстік Корея солтүстік-шығыс Рьянган провинциясында індеттің төрт жаңа жағдайы туралы хабарлады… Ел коронавирустық дағдарысты жеңді деп мәлімдегеннен кейін екі апта өткен соң», – делінген Ренхап хабарламасында.

Денсаулық сақтау органдары аумақты дереу қоршауға алғаны, сонымен қатар эпидемияға қарсы топтар шұғыл жұмылдырылғаны атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыз