Нұр-Сұлтан әуежайында мас адам ұшақта бомба бар деп жұртты дүрліктірді

Тексеру барысында қандай да бір жарылғыш заттар табылған жоқ

Елорда әуежайында мас адам ұшақта бомба бар деп жұртты дүрліктірді. Бұл туралы atamekenbusiness_qaz Telegram каналы хабарлады.

Тексеру барысында қандай да бір жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ.

Күдікті масаң күйде болған, өз кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалған. ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар