Елорда әуежайында мас адам ұшақта бомба бар деп жұртты дүрліктірді. Бұл туралы atamekenbusiness_qaz Telegram каналы хабарлады.
Тексеру барысында қандай да бір жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ.
Күдікті масаң күйде болған, өз кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалған. ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.