Испания парламенті газды үнемдеу үшін үкімет дайындаған жоспарды мақұлдады

Жарияланды
Мұндай шаралар елде газ тұтынуды 7%-ға азайтуға мүмкіндік береді деп болжануда

Испания парламенті газды үнемдеу үшін үкімет дайындаған жоспарды қолдады, деп хабарлайды EFE.

Жоспар Еуропалық Одақтың ұсынымдары бойынша газды тұтынуды азайтуды қарастырады, осылайша ел келесі қыста бұл энергия ресурсының тапшылығын болдырмауы мүмкін.

Жеке компаниялар мен мемлекеттік мекемелерге жазда үй-жайларды Цельсий бойынша 27 градустан төмен салқындатпауға ұсынды. Ал қыста үй мен мекемелерді максимум 19 градусқа дейін жылытуы керек. Сондай-ақ түнгі сағат 22:00-ден бастап дүкен терезелері мен бос ғимараттардың жарығын өшіру қажет.

Мұндай шаралар Испанияға газ тұтынуды 7%-ға азайтуға мүмкіндік береді деп болжануда.

Сондай-ақ оқыңыз