Скринингтен кімдер өтуі қажет?

Жарияланды (жаңартылды )
Қай жаста қандай тексерулер өткізіледі?

Скрининг дегеніміз не? Скринингтен кімдер және қашан өту керек? Бұл сұраққа BAQ.KZ. сайты жауап берді.

Скрининг – бұл тәуекел факторлары мен ауруларды ерте сатыларда анықтау үшін белгілі бір жастағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеру.

Қай жаста қандай тексеру өткізіледі?

қан айналымы жүйесі ауруларын және қант диабетін ерте анықтау үшін әрбір екі жыл сайын 40-62 жастағы ерлер мен әйелдер тексеріледі;

глаукоманы ерте анықтау үшін әрбір екі жыл сайын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдерді тексереді;

сүт безінің ісік алды және ісік алды ауруларын ерте анықтау үшін әрбір екі жыл сайын 40-70 жастағы әйелдерді тексереді;

әр 4 жыл сайын 30-70 жас аралығындағы әйелдерді қатерлі ісік алды аурулары мен жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін тексереді;

тоқ және тік ішектің ісік алды және ісік ауруларын ерте анықтау үшін әрбір 2 жыл сайын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер тексеріледі. Скрининг қаралатын ауру бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын адамдар үшін жүргізіледі. Сондай-ақ, профилактикалық тексеру қан аурулары, гемодиализдегі қатерлі ісіктері бар, анамнезінде операциялық араласулар, қан мен оның компоненттерін құюдан өткен адамдардың созылмалы В және С гепатитін ерте анықтауға жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз