Зеленский тұрғындарға тарихтағы ең қиын қыс туралы ескертті

Жарияланды
Украина президенті Зеленский алдағы қысты газға байланысты ел тарихындағы ең қиын деп атады

Алдағы қыс Украина тарихындағы газ бағасының жоғары болуына байланысты ең қиын болады,деді президент Владимир Зеленский халыққа жолдауында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Ол Еуропада көгілдір отынның мың текше метрі үшін 3300 доллардан асып кеткенін еске салды. Осындай жағдайда Киев қысқа дайындықты бастау үшін барлығын жасауға тырысуда, деп сендірді мемлекет басшысы украиналықтарды.

«Ал бұл (қыс мезгілі. – Ред.) шынымен де тарихымыздағы ең қиын кезең болады», – деді Зеленский.

Саясаткер газға қатысты жағдайды «өте қауіпті» деп атады.

Сондай-ақ оқыңыз