Үндістан Аргентинаның БРИКС-ке қосылуын қолдады

Жарияланды
Қазіргі уақытта БРИКС экономикалық блогына Ресей, Қытай, Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка кіреді

Үндістан Аргентинаның БРИКС-ке кіруін қолдайды, сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді, деп хабарлады Латын Америкасы елінің Сыртқы істер министрлігі. Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

Жұма күні екі елдің сыртқы істер министрлері Сантьяго Кафиеро мен Субраманиам Джайшанкар кездесті.

«Екі жақты кездесу барысында Үндістан Сыртқы істер министрлігінің басшысы өз елінің Аргентинаның БРИКС-ке кіруін қолдайтынын растады », – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, екі министр жоғары технологиялар, коммуникациялар, азық-түлік қауіпсіздігі және энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың артқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта БРИКС экономикалық блогына Ресей, Қытай, Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз