Президент 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдау жариялайды

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы соңғы рет биыл 16 наурызда жолдау жолдаған болатын. Сол күні президент бірқатар реформа өтетінін жариялаған. Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылатынын да осы жолдауда айтқан еді. Сондай-ақ, мемлекеттік басқарудың суперпрезиденттік түрінен бас тартуды ұсынды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар