Президент Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

Жарияланды
Президент бұл мейрам биыл айрықша саяси мәнге ие болып отырғанын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда.

Президент бұл мейрам биыл айрықша саяси мәнге ие болып отырғанын атап өткен.  

«Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Еліміздің әрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келді»,- деген мемлекет басшысы.  

Сонымен қатар Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайтыны атап өтті.

«Қолға алынып жатқан өзгерістердің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттілігімізді мейлінше нығайту және қоғамды үйлесімді дамыту. Бұл міндеттерді орындауға еліміздің әрбір азаматы атсалысуы қажет, қадірлі отандастар.», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 5 маусымда ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтті. Дауыс беруге 7 986 293 адам немесе халықтың 68,06%-ы қатысты. Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді қазақстандықтардың 77,18 пайызы қолдап, 18,66 пайызы реформаға қарсы дауыс берді.

Сондай-ақ оқыңыз