Елімізде өткен тәулікте 230 адамнан вирус анықталды

Ең көп жұқтырғандар Нұр-Сұлтан қаласында анықталды

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 30 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 230 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 388 479 жетті.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 44, Алматы қаласында – 36, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 20, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 3, Жетісу облысында – 0, Атырау облысында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Абай облысында – 0, Жамбыл облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 20, Қарағанды облысында – 35, Ұлытау облысында – 0, Қостанай облысында – 24, Қызылорда облысында – 4, Маңғыстау облысында – 10, Павлодар облысында – 6, Солтүстік Қазақстан облысында – 9, Түркістан облысында – 1.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар