Италияда ресейлік миллиардердің 11 вилласы қамауға алынды

Италия билігі ресейлік миллиардер Вячеслав Кантордың 11 вилласын қамауға алды

Италия билігі ресейлік миллиардер Вячеслав Моше Кантордың Сардинияның солтүстік-шығыс жағалауындағы 11 вилласын қамауға алды. Бұл туралы L’Unione Sarda жазды.

Еуропа Кеңесі Кантордың Порту-Ротондодағы активтерін сәуір айында тәркілеуге бұйрық берді. Ол кезде оған қарсы жеке санкциялар салынған.

Алайда, Италияның қаржы гвардиясының тергеушілері бұл процесті тамыз айында ғана аяқтай алды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз