Күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді

Бүгінгі жолдауында мемлекет басшысы осындай ұсыныс тастады

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектелуі ықтимал.

«Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.

Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», деді Мемлекет басшысы.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар