Ұлттық банк тамыз айында валюта нарығына қатыспаған: интервенция жүргізбеген, Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату процесіне қатыспаған. Бұл айда ұлттық валютамыз 1 АҚШ доллары үшін 472,29 теңгеге дейін 1%-ға нығайды.
Қазақстан қор биржасындағы бір күндік орташа сауда-саттық көлемі бір айда 118,6 млн АҚШ долларынан 98 млн АҚШ долларына дейін төмендеген. Жалпы сауда-саттық көлемі 2,2 млрд АҚШ долларын құрады. Валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңестірілді. «Үлкен салық аптасы» ұсыныс тарапынан қосымша фактор болып табылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері шамамен 469,5 млн АҚШ доллары көлеміндегі валюталық түсімді сатқан.
«Ұлттық Банк тамызда валюта нарығына қатыспады: валюталық интервенция жүргізбеді, БЖЗҚ зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырмады, сондай-ақ Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату процесіне қатысқан жоқ. Трансферттер Ұлттық қорға теңгедегі түсімдер есебінен қамтамасыз етілді», делінген хабарлама.
Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады.